Референдум - 2022: қорытынды

Референдум аяқталды. Дауыс беру учаскелері жабылды. Бір анығы халық белсенді болды. 8 миллионнан астам адам өз таңдауын жасаған. Сонымен жұрт бұл өзгерістен не күтеді? Бас құжаттың қанша бабына түзету енгізілмек?

Қорған Қонысбайұлы тілші:

- Референдум өткізуді Мемлекет басшысы сәуірдің соңында ұсынған еді. Небәрі бір айдың ішінде қызу дайындық жүргізілді. Ал қазір сол тарихи оқиға аяқталған сәтке куә болып тұрмыз.

Референдумға деп 10 мың 12 учаске құрылды. Оның ішінде 52 елде өкілдіктерімізде 65 учаске жұмыс істеді. 8 миллионнан астам азамат дауыс берді.

БЛИЦ:

- Референдумға келе жатрымын. Елімізде тыныштық болсын, халқымыз кеңшңілңкте өмір сүрсін сол үшін дауыс беруге келе жатырмын.

- Бүгін ерекше күн деп есептеймін. Халық өзінің ойын иә немсе жоқ деп дауыс беруде. Жас аналар да үйде отырған жоқ.

- Халқымыздың жағдайы жақсару үшін заңдарды өзгерту керек болып тұр ғой. 00:55 Мен өзім дәрігермін, қасымдағы әріптестерім бәрі белсенді келіп жатыр.

- Әдейі 7 айлық немеремді алып келдім, Осы бала куәгер болсын, еліміз дамысын, Қазақстанның жанашыр азаматы бослын деп.

- Екі келінім бар, 5-6 немерем бар. Болашақта солардың жақсы болсын деймін. 00:48 олар жаңарған жақсы Қазақстанда өмір сүрсін деп келдік.

- Менің жасым 19-да. Референдумда бірінші рет келіп тұрмын. Дауыс беріп шықтым. 01:16 жастар өте өте белсенді болу керек. Болашақ жастардың қолында.

ҚАРАҒАНДЫ

Референдумнан қариялар да қалыс қалған жоқ. Қарағандыда таңмен таласа тұрып, таңдауын жасауға - соғыс ардагері Бүркіт Есжанов келді. 100 жасқа аяқ басқан ақсақал Күмісжан әжеймен бірге референдум учаскесін алғаш болып аттады. Қос ғасырдың куәгерлері еліміздің болашағы жарқын болсын деп ақ батасын берді.

Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:

- Елімізге тыныштық берсін. Алла елдің шаңырағын шайқалтпасын. Іргесі берік болсын. Осыны алып жүру жастардың қолында. Әрбір істеген жұмыстарың нәтижелі болсын. Осының арқасында республикамыздың көк байрағы аспанда желбіреп, бүкіл елге үлгі көрсететіндей болса, міне, біздің үлкен мақсатымыздың орындалғаны осы.

ШЫМКЕНТ

Бекітілген учаскеге бара алмайтын қариялар жылжымалы дауыс беру жәшігін үйіне алдыртты. Шымкентте жасы жүзге келген Зара Ыбырайымқызы осылайша референдумда өз таңдауын жасап, саяси науқанға үлес қосты.

Зара Ыбырайымқызы, қала тұрғыны:

- Ел үшін жер үшін жақсы болсын деп ниет етіп, өзгерістерді құптаймын дедім. Шетелдің жақсы деген елдеріндей халық, ел болайық, айналайындар.

Билік өкілдері де белсенді. Ала таңмен учаскелеріне барып, дауыс бергеніне куә болдық. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша мемлекеттің басты құжатына өзгеріс енгізу мәселесінің жалпыұлттық референдумға шығарылуы – ашық қоғамның көрінісі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Осындай үлкен мәселе халықтың өз таңдауына беріліп жатқандықтан бүкіл ел азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп, өздерінің дауыстарын беру өте маңызды. Бұл біздің ұлт ретінде жетілгендігіміздің көрсеткіші деп қарастыруға болады.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов та дауыс берді. Парламенттің төменгі палатасының спикері елордадағы нөмірі N110 учаскеге барып, таңдауын жасады. Ал Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу  Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында референдумға қатысты ұстанымын білдірді. Мемлекеттік хатшы отбасы мүшелерімен келген. Ерлан Қариннің пікірінше бұл жолы әсіресе жастар белсенді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Жастармен көп кездестім және қызу талқылау болды. Жәй формальді түрде кіріп кездесіп, шығып кететін шаралар емес кәдімгідей талқылау күйінде өтті. Сонда менің байқағаным бір жағынан жастардың да белсенділігі, кездесіп жатқан кісілердің де белсенділігі жоғары. Сонымен қатар жалпы мына өңірлерді аралап жүрген кезде бұл реформалар жұрттың қызығушылығын оятқанын көрсетіп отыр. Көптеген азаматтардың бүгін сайлау учаскелеріне келіп дауыс беретінін айтып жатыр. 

Үкімет басшысы Әлихан смайылов бас қаладағы ұлттық кітапхана ғимаратына орналасқан №111 учаскеде дауыс берді. Өзге де саясаткер, зиялы қауым таңдауын жасады. Не керек, қара кешке дейін референдум учаскелерінен адам аяғы үзілмеді.

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- Ата заңға қатысты референдум тәуелсіз ел тарихында осымен екінші мәрте өткізілді. Бас құжат 1995 жылдың 30-шы тамызында алғаш рет халық даусына салынған. Өзгерістерді қолдап, сол кезде 7 млн-нан астам қазақстандық дауыс берді. Арада 27 жыл өтті. Қазір заман басқа. Заманға сай заң керек. Амандық болса, енді ата заңның 30 дан астам бабына өзгеріс енгізіледі. Осылайша жаңа кезеңге қадам басып жатырмыз. Тарихтың жаңа бетін ашып жатырмыз. 

Қорған Қонысбайұлы, Жандос Битабаров