Германиядағы Қазақстан азаматтары дауыс берді

Германиядағы отандастарымыз жалпыұлттық референдумға белсенді қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда дауыс беруге ниет білдірген 200-ден астам адамның 85 проценті өз таңдауын жасаған. Арасында студенттер, Германияда жұмыс бабымен жүрген азаматтар, дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Кейбірі тіпті 600 шақырымды артта қалдырып елдің оңтүстігінен Берлинге келген. Жалпы азаматтарымыз үшін 2 учаске жұмыс істеді. Оның бірі – Берлиндегі Қазақстанның елшілігінде, екіншісі – Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан  бас консулдықта ашылды.

Айнұр Матаева, Берлин тұрғыны:

Мен Берлиндегі «Мирас» қазақ мәдени орталығының төрайымы боламын. Қазақстан үшін маңызды күнде референдумға азаматтық борышымызды орындауға келдік. Демалыс күнге қарамастан, отбасымызбен осы балаларымызды бірге алып келіп, бізді көрсін, біз үлгі болайық деп референдумға атсалысып жатырмыз. Даусымызды беріп келдік, қызым көмектесті.