Грузиядағы отандастарымыз 100% дауыс беруге қатысты

Грузияда бір ғана дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Азаматтық ұстанымын білдіру үшін отандастарымыз елдің әр қиырынан Тбилисиге ағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз таңдауын жасаған қазақстандықтардың 90 проценті Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаған.

Жазира Мырзақасымова, Грузиядағы ҚР елшілігіндегі №277 учаскелік комиссиясының төрағасы:

– Бүгін Грузиядағы Қазақстан елшілігіндегі №277 учаскеге барлық дауыс берушілер келді Қазақстан азамттары. Біздің тізімде барлары, тізімде жоқтары да көп туристер басқа қалалардан келді. Боржоми Батуми олар Тбилисиден қанша алыс екенін білесіздер. Соған қарамастан таңертең сағат 7-де ашылғаннан бастап барлығы келіп, өздерінің дауыстарын берді. 100 процент адамдардың барлығы дауыстарын берді. Бұл, әрине, бірінші рет осылай болып тұр Тбилиси қаласында дауыс беру барысында. Бізде бірде-бір бүлінген бюллетень жоқ. Барлығын санап шықтық. Хаттаманы жасадық. Қазір оны Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясына жібереміз.