Шет елдердегі 65 учаскеде дауыс беру 72,95% құрады – ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%-ды құрады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды, осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды» делінген хабарламада.