АҚШ пен Канадада дауыс беру учаскелері жабылды

Шет елде ашылған 65 учаскеде дауыс беруге құқылы отандастарымыздың 73 проценті өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми телеграм-каналында жариялады. Вашшингтон, Нью-Йорк пен Оттавадағы дауыс беру учаскілері де жабылды. Шара Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 6-да аяқталды.