«Ауыл» партиясының 700-ден астам мүшесі саяси науқан барысын бақылау ісіне атсалысқан

 Дауыс беру учаскелерінде қандай да бір заң бұзушылық анықталмапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси ұйымның төрағасы Әли Бектаев осылай деп мәлімдеді. Ол Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жалпыұлттық рефрендумға шығару әділ демократиялық шешім екенін айтты. «Ауыл» партиясы алдағы уақытта Конституциялық реформаларды іске асыруға ат салыспақ.  Қазір ұйым экономика мен әлеуметтік саланы дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп жатыр. Адам құқын қорғауға бағытталған заңдарды жетілдіру бойынша да бастамаларды қолға алған. Бүгінде партияның 300 мыңға жуық мүшесі бар. Әр ауданда филиалдары жұмыс істейді.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Біз сол референдум күні өзіміздің азаматтық Конституциялық құқықтарымызды ғана пайдаланған жоқпыз, біз болашақта Жаңа қазақстан құру жолында мемлекетіміздің болашағы үшін өзіміздің жауапкершілігімізді мойнымызға алдық. Яғни біз осы Қазақстанның болашағы үшін бұдан былай билікпен бірге өзіміз де қызмет  жасауымыз керек. Конституциялық реформаларды іске асыру кезінде көптеген заңдарға өзгерістер енеді. Сол заңдарды қарау кезінде де біздің қоғамдық штабтарымызы заң талқылауға ісінде де өздерінің ұсыныстарын беретін болады.