Қ. Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстанның және Өзбекстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанға жылы лебізін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа Қырғызстан бақылаушыларының референдумға белсенді қатысқанына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру үдерісінде бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Ал президентке қоңырау шалған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те,,, Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Мемлекет басшысы  Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдіріп, конституциялық реформалар елдің саяси және экономикалық тыныс-тіршілігін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Өйткені екіжақты тауар айналымы қарқынды түрде ұлғайып келед. Атап айтқанда, көрсеткіш бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 30 пайызға артып 1 млрд доллардан асқан.