476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Е. Қошанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жиынына қатысты

  • 207
  • UPD: 22:47, 06.06.2022

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы жиынына қатысты. Отырыста бізден бөлек Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламент жетекшілері осы Ұйым қызметінің өзекті мәселелерін, өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жоспарларын айқындады. Кеңес отырысына қатысушылар,, Қазақстанды еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Ерлан Қошанов жиналғандарды жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындылары туралы хабардар етіп,,, Парламенттік Ассамблея миссиясының құрамында референдумды бақылау мақсатымен Қазақстанға өз өкілдерін жібергені үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің Парламент жетекшілеріне алғыс айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлік қызметіне қосу туралы ұсынысты іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойлық саммит кезінде де айтқан болатын. Осынау қадам ұйымның құқықтық субъектілігін нығайтып, бейбітшілікті сақтауға бағытталған халықаралық операцияларға қатысу тәжірибесін қамтамасыз етеді. Парламенттік Ассамблея бұл маңызды жұмысқа қазірдің өзінде атсалысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы