Мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беруі: Президент Жарлыққа қол қойды

Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген Ақорданың баспасөз қызметінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев