Референдум нәтижесінде болатын өзгерістердің жүзеге асуына уақыт керек

Референдум өтті, бұл елде барлығы түбегейлі өзгереді деген сөз емес.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері Конституцияға өзгеріс енгізу атқарылатын шаруаның тек жартысы ғана дейді. Мұнда Парламент пен мемлекеттік ұйымдардың біліктілігі маңызды. Сосын бұқара да қалыс қалмауы қажет дейді белсенділер. Олардың ойынша, осының барлығын жүзеге асыру үшін әлі жарты жылдай уақыт керек. Сол кезде ғана халық елдегі өзгерістерді байқай бастайды.

Бану Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті:

- Үкіметтік емес ұйымдар белсенді бола бастады. Көбі Конституция енетін өзгерістерге қатысты өздерінің ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Қоғам пікірі міндетті түрде ескеріледі деп ойлаймыз.