Әділет министрлігі: «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр

ҚР Әділет министрлігінде «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Менің білуімше, қазір «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда тіркелген 6 партия бар. Тағы бірнеше партияны тіркеу жұмыстары 2019 жылы басталғанын білесіздер. Бірақ құжаттары кейбір нормаға сәйкес болмай, оларды тіркеу жұмыстары тоқтатылған болатын», – деді министрдің орынбасары. Сондай-ақ ол Елбасы туралы конституциялық заң күшін жойса, Презиент туралы конституциялық заң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиісті кепілдіктер беретінін айтты. «Бүкіл экс-президенттерді қамтитын норма тиісті конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар», – деді Алма Мұқанова.