Сербияның дін басшылары елордаға келеді

Сербияның рухани көшбасшылары Қазақстанның дінаралық диалогты ілгерілетудегі күш-жігерін қолдады.

Бұл туралы Сербия астанасында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезі бірегей алаң болатынын атап өтті. Сондықтан жергілікті рухани көшбасшыларды елордаға шақырды. Сербия Әділет министрлігінің Шіркеулермен және діни бірлестіктермен ынтымақтастық басқармасының директоры Владимир Роганович дінаралық диалог идеясына көзқарасы оң екенін аңғартты. Бұл мемлекеттер мен халық арасындағы ынтымақтастықты жақсартудың алғышарты екенін атап өтті. Бір сөзбен айтқанда, дөңгелек үстелге қатысушылар Съезд бастамаларына қолдау білдірді.