Референдум демократия институтын дамытады – А.Оралов

Республикалық референдум демократия институтын нығайтады. Бұл туралы бүгін «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Конституциялық реформалар саяси өзгерістерге бастама болады. Алдағы уақытта партия мүшелері де осы процеске өз үлесін қосады. Оған Аманаттың әлеуеті жеткілікті – деді Оралов. «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та қатысты. Ол рефрендумнан кейін Үкіметтің алдында жаңа міндеттер бар екенін атап өтті. Ең бастысы азаматтардың барлық мәселесін жедел әрі тиімді шешіп, экономиканың түрлі саласын стратегиялық тұрғыдан басқару. Жаңа жұмыс орындарын құру мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріледі.

Асхат Оралов «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

– Бұл маңызды саяси оқиға мемлекетті демократиялық құндылықтарға негізделіп құруға мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана. Елімізді жан-жақты жаңғырту жұмысы жалғасады. Біз соған белсенді атсалысамыз.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Қоғамның басын біріктірген сәт деп ойлаймын. Шешімдер елдің санасына әсер етеді. Халық оны қолады. Президенттің реформалары ол халықтың қолдауымен қабылданды деуге болады.