Жаңа екі министрлік құрылды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Білім және ғылым министрлігінің бірқатар функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.

Асхат Аймағамбетов ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Ол Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды. Ал Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.