Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметкердің болмысы қандай?

Елордада «Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметшінің болмысы" атты пікірталас өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс депуттатары, журналистер, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен блогерлер қатысты. Пікір алмасу алаңында Нұртөре Жүсіп кәсіби білікті мамандардың тілге шорқақ екенін айтты. Сондай-ақ ақпаратты ресми тілде жариялау барысында қазақ тілді аудитория қамтылмай қалады. Салдарынан, жалған ақпарат таратуға ұласады, бұл мемлекеттік қызмет саласына нұқсан келтіреді. Оның алдын алу үшін кез келген мемлекеттік қызметкер сөз мәдениетін дұрыс түсініп, халық алдына шығу қажет, - деді Сенат депутаты. Мамандардың пікірінше, мемлекеттік қызметші патриот, қарапайым, адал, стресске төзімді әрі шұғыл шешім қабылдай алуы тиіс.

Дархан Жазықбаев,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы:

- Біз қазір қоғаммен ашық болу керек деп. БАҚ өкілдерін, қоғам қайраткерлерін шақырып пікір алмасып жатырмыз. Себебі ол кісілердің мемлекеттік апаратқа, қызметшілерге қойылатын талаптарды немесе ұсыныстары болса, оны талқыға салып, жинақтап, үлкен шараларды жүзеге асырсақ деген ой бар.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекеттік қызметшінің атына айтылып жатқан сын көп. Сондықтан қабілетті, ашық қоғам құрамыз десек , мемлекеттік қызметшінің жұмысына көп нәрсе байланысты. Сондықтан сол жұмыс нәтижелі, өнімді, жауапкершілікпен атқарылу керек. Зейнет жасқа шыққан мемлекеттік қызметкердің тәжірибесі мен біліктілігі ескеріліп, кеңесші маман ретінде жұмыс істеуге мүүмкіндік беру қажет.