loader

Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды көздейді СІМ баспасөзі

Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды көздейді

Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында және француз әріптестерімен, елдің іскерлік және зерттеу топтарының жетекшілерімен кездесулер өткізу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Парижге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24» СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Р.Василенко мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі Континенталды Еуропа департаментінің директоры Фредерик Мондолони деңгейінде өткен саяси консультациялардың тоғызыншы раунды барысында ағымдағы жағдай мен екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мен тереңдету перспективалары бойынша мазмұнды пікір алмасу орын алды. Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы, сондай-ақ Украинадағы қақтығыс пен Ауғанстандағы жағдай бойынша өз ұстанымдарын салыстырды.

Франция – Қазақстанмен қарым-қатынасын стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізген Еуропалық одақтың бірінші елі. Бүгінгі таңда Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істейді, атап айтқанда «Total», «Orano», «Air Liquide», «Lactalis», «Danone», «Vicat», «Airbus», «Thales», «Alstom» сияқты және т.б. ірі ТҰК. Қазақстанның экономикасына салынған француздық күрделі қаржы жұмсалымының көлемі 2005-2021 жж. 17 млрд АҚШ долларынан асты, бұл Францияны ел экономикасындағы ең ірі бес инвесторының біріне айналдырды. Ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және атом өнеркәсібі, цифрлық технологиялар, сондай-ақ машина жасау мен технологиялық сфералардағы өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттары болып табылады.

Келіссөздер барысында тараптар жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу арқылы қарым-қатынастарға жаңа серпін берудің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Ф.Мондолони Қазақстан Францияның ортаазиялық аймағындағы негізгі және сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі мемлекет басшыларының кездесуін жедел ұйымдастырылатынына сенім білдірді.

Францияның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Еуродақ кеңесіне төрағалық етуін ескере келе, ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды. 29 саланы қамтитын ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің барлық ережелерін іске асыруға, оның ішінде екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге, ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ...