Иран азаматтары Қазақстанда визасыз 14 күн жүре алады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеранға ресми сапарында Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен шағын құрамда кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы шақырғаны үшін парсы елінің президентіне ризашылығын білдірді. Бұл сапар екі елдің ынтымақтастығын дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Қазақта «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген сөз бар екенін атап өткен президент Қазақстан көрші елдермен әрқашан тату болғанын атап өтті. Осы достық қатынасты нығайту үшін Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат беру туралы маңызды шешім қабылдағанын жеткізді. Иран Президенті Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат көрсетіп, шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.