Қазақстаннан алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді

Тегеран станциясынан Қазақстанның, Түркіменстан мен Иран аумағы арқылы Түркияға бет алған алғашқы контейнерлік пойызы жолға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жөнелту рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси онлайн қатысты. Түркияның Паяс станциясына баратын күкірт тиелген 48 контейнер Павлодарда жасақталған. Жаңа бағытпен тасымалданатын жүк Каспий теңізі арқылы өтетін баламалы жолмен салыстырғанда тезірек жетеді. Небәрі 12 күнде 6 мың 300 шақырымнан астам қашықтықты еңсереді. Пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асса, Парсы шығанағы мен Түркия нарықтарына жүкті жоғары жылдамдықпен жеткізетін тұрақты бағыт қалыптасады. Бастысы бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік тасымал қарқынын арттырады.