Парламентте 68 заң қабылданды

Қыркүйектің 14-15-і аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық қызу. Съезд хатшылығы белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форумға жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Мәулен Әшімбаев осылай деді. Президент қабылдауында болған Сенат спикері осы кезге дейін Парламент 68 заң қабылдағанын атап өтті. Құжаттар Мемлекет басшысының қол қоюына жолданған. Сенат депутаттары сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болды. Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру бойынша да ақпарат берілді.