Президент Абай облысының әкімін қабылдады

Жаңа облыстың басшысы жылумен жабдықтау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және жылу электр орталығын салу сынды өзекті мәселелер барын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.