ЕҚЫҰ бюро директоры ОСК жұмысын жоғары бағалады

ЕҚЫҰ бюро директоры ОСК жұмысын жоғары бағалады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бюро директоры Маттео Мекаччимен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров те кездесті.

Нұрлан Әбдіров мәртебелі мейманға 5 маусымда өткен референдумды бақылауға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар сайлау заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Маттео Мекаччи референдумды бағалау жөніндегі миссияның өзара тығыз іс-қимылы мен Орталық сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығын жоғары бағалады.