Ә. Смайылов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысы өтті. Онда Банктің былтырғы жұмысының қорытындысы қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен жылы қаржылық ұйым 19 жаңа жоба бойынша келісімдерге қол қойды. Бұл ретте ағымдағы инвестициялық портфельде интеграциялық әсері бар жобалардың үлесі 60%-ті құрады. Банктің 2021 жылғы таза пайдасы – 37 млн 100 мың доллар. Бұл жоспардан 2 есе артық. Әзірленген 5 жылдық елдік стратегиялар аясында Қазақстанда, Арменияда, Тәжікстанда және Қырғызстанда жобаларды дамытуға ерекше назар аударылмақ. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар Тексеру комиссиясының және Банктің Ішкі аудит қызметінің есептерін қарады.

Сондай-ақ...