Конституциялық реформаның жеке меншіктегі жерге қатысы жоқ – Әділет министрлігі

ҚР Әділет министрлігі республикалық референдум арқылы қабылданған конституциялық реформадағы жер қойнауы мен табиғат ресурстарына қатысты бапқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституцияның 6-бабының 3-тармағына ұсынылған түзетудің жеке меншіктегі жерге қатысы жоқ. Бұл түзету арқылы жер мен оның қойнауы, суы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, өзге де табиғи ресурстары халыққа тиесілі екенін атап көрсету көзделген. Қазіргі таңда Конституция бойынша аталған ресурстар мемлекеттік меншігі ретінде бекітілген. Енді бұл игіліктерге мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асыра алады деп жазу ұсынылып отыр», – деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі. Министрлік мамандары Конституциядағы жерге деген жеке меншік құқығының кепілдігі сақталатынын айтып отыр. «Қазақстан Республикасында меншік құқығына Конституцияның 26-бабының 2-тармағының 39-бабының 3-тармағы бойынша меншік құқығын шектеуге ешқандай жол жоқ екені айтылған», – деп жазылған министрліктің жауабында.