«Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл 100-ден астам жұмыс келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздіктер қатарында арнамыздың арнаулы тілшісі Дастан Сейілханұлы да бар. Бұқаралық ақпарат саласының өкілдерін кәсіби мерекесімен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біздің палатамыз, Сенат Президенттің «Жаңа Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда өз үлесін қосуда. Біз енді осы бағыттарда тиісті заңдарды қабылдауда, жүріп жатқан реформаларды заңнамалық түрде қамтамасыз етуге үлкен жұмыс істеп жатырмыз. Сол жұмыстарды қабылданып жатқан заңдарды халыққа жеткізуде, мәнін түсіндіруде бізге үлкен көмек беріп жатсыздар. БАҚ өкілдерімен ары қарай жұмыс істеуге дайынбыз.