Айдын Кәрімов Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен әкімнің бірінші орынбасары болып Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айдын Кәрімов 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, ҚазГЮУ университетін бітірген.