Халықтың 83%-і Президентке сенім артады

Қазақстандықтардың 83 пайызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн форматта жүргізілген сауалнама осындай нәтиже көрсетті. Сәуір айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13 процент өскен. Зерттеуге сәйкес, азаматтардың 78,81 пайызы Президенттің жұмысына қанағаттанып отыр. 59,37 пайызы Мемлекет басшысы билікке келгеннен кейін, елдегі ахуал жақсарды деген пікірде. Оған конституциялық реформалар, Ұлттық құрылтай және Қасым-Жомарт Тоқаветың сыртқы саяси аренадағы әрекеттері айтарлықтай әсер еткен.