Президент Жарлығымен мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзгерістер енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды