Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
tvzvezda.ru

Қазақстан Президенті Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіруде. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін» деп жазды ол instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, Абэге қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Екі рет оқ атылып, саясаткер құлаған. Агенттік оқ артқы жақтан атылып, кеуде тұсына тигенін алға тартады.