Үш елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

Үндістан, Қытай және Иран азаматтары елімізде визасыз жүре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бекітілген талапқа сай шетелдіктер шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн бойы Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұрады. Бұл жайында Көші-қон комитеті хабарлады. Аталған елдер үшін біржақты визасыз режим енгізіліп отыр. Алайда Қазақстанда болу мерзімі 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Әйтпесе, айыппұл салынады.