«Amanat» партиясы жастар қанатының алтыншы съезі өтті

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас «Amanat» партиясы жастар қанатының алтыншы съезіне қатысу үшін Ақмола облысының Зеренді ауылына жинала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегеттар жастарды толғандыратын мәселелер ашық талқыланатынына сенімді. Шымкент қаласынан  жол тартқан Ахат Беспаев Съезд еліміздегі жастар саясатының дамуына серпін беретінін айтады. Бұл – тәжірибе алмасып, өзіндік әсер алатын жүздесу болмақ, - дейді.

Зерендіде өтетін жиын жайында Жамбыл облысының жастары да ой бөлісті. Съезге қатысушы делегаттың бірі Аяулым Асылхан Жақсы көңіл-күймен бара жатқанын айтып, ел болашағына бей-жай қарамайтын белсенді азамат екенін жеткізді. Кеше еліміздің барлық өңірінде жастар қанатының облыстық филиалдары конференция өткізді. Қорытындысы бойынша кезектен тыс VI Съезге 350 делегат сайланды. Шара шілденің 11-14-і аралығында өтеді.

Жұлдыз Балтабаева, делегат:

- Жастар қоғамның қозғаушы күші болғандықтан, мемлекеттің кез келген бастамаларын патриот жастар қолдайтын болса, ол міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймыз.