«Jas Otan» жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді

«Amanat» партиясы жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді. Бүгін Зерендіде «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі жалғасып жатыр.

Пленарлық отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады. Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.

Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық азаматтар елді алға бастайды, түрлі кәсіп игеру жастардың қолында. Елдің олардан тың бастамалар және озық идеялар күтетінін қаперге салды. Съезд барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы мен жастар ұйымының атауы өзгертілді.

Айта кетейік, Зерендідегі төрт күндік Съезге ел өңірлерінен 350-ден астам делегат пен қонақ қатысып жатыр.

Нұрсұлтан Орынбасаров, Алматы облысының мәслихат депутаты