Ә. Смайылов Жапония халқына көңіл айтты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-Министр Синдзо Абэнің қаза болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дипломатиялық миссия басшысы Джуну Ямадемен әңгімелесу барысында Синдзо Абэнің Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқан саясаткер ретінде білетінін атап өтті. Сондай-ақ премьер-министр елшілікке барған кезде көңіл айту кітабына жазба қалдырды.