Ералы Тоғжанов «Amanat» партиясы жастар қанатының съезіне қатысты

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «AMANAT» партиясы  жастар қанатының VI съезіне  қатысты.

Ақмола облысының Зеренді ауылында өтіп жатқан шара осымен 3-ші күн жалғасып жатыр. Пленарлық отырыс барысында вице-премьер жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру  бойынша жүргізіліп жатқан процестерге тоқталды. Сондай-ақ биыл мектептерде жетінші сыныптан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беретін маманның жұмыс істейтінін айтты.

Ералы Тоғжанов, премьер-министрдің орынбасары:

- Білімді азамат өзін еркін сезінеді. Білімді азамат болашағына айқын қарайды. Білімді азамат қалай өмір сүру керек, қай бағытта жүру керектігін біледі. Сондықтан білімді азаматтар ерте өз бағытын анықтайтынына еш күмәнім жоқ. Соған талпыну керек.