Қытайда әйелдердің даму мәселесіне қатысты форум өтті

Әлемдегі әйелдердің мәселесі Қытайдың Далянь қаласында өткен форумға өзек болды.

Жиында әйелдерді дамыту бойынша бірлескен жұмыс нәтижелері талқыланды. Форум Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналды. Оған Қытайдан, Орталық Азияның бес елінен 200-ден астам делегат және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері қатысты. Жиыннан біздің ел де тыс қалған жоқ. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева онлайн қатысты.

Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Бұл міндеттемелерді біз өзімізге 1995 жылы Бейжің іс-қимыл платформасына қол қою, сондай-ақ 1998 жылы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияны ратификациялау арқылы алған болатынбыз.