Дархан Қыдырәлі «Жастар рухының» VI съезіне қатысты

«Amanat» партиясының саяси кеңесі бюросының мүшесі  Дархан Қыдырәлі  «Жастар рухының» VI Съезіне  қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пленарлық отырыс  барысында  «Егемен Қазақстан» газетінің  директоры бүгінгі өскелең ұрпақтың   жетістіктеріне тоқталды. Съезге қатысушылар республикалық баспаның басшысына белгілі тұлғалар мен  ел тарихына қатысты сауалдарын қойды. Сондай-ақ бірлік, ынтымақ, ұлттық код ұғымдары  сөз болды.

Дархан Қыдырәлі, «Amanat» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі:
- Жалпы «рух» деген сөздің ішінде бәрі бар деп айтып кеттік қой. Мына адамның адамшылдығы да сол рухынан көрінеді. Ұлттың ұлттығы да сол рухынан көрінеді. Рухы биік болса, рухы берік болса, ол ұлттың да бәсі биік болады. Сондықтан атына заты сай жастардың қанаты Қазақстанның жаңа рухына айналады деп сенеміз. Қазақстанның жаңа рухы жаңа Қазақстанға жаңа серпін береді деген ниеттеміз.