Сіз премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз – Мемлекет басшысы Мусинге

Президент цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты.

– Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауы тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.