Е.Қарин: Жемқорлықпен күрес Президент реформасының басым бағыты

Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Онда еліміздің Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ГРЕКО бастамасына қатысу перспективасы талқыланды.

Ерлан Қариннің айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес Президент реформаларының басым бағыттарының бірі екенін айтып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына тоқталды. Тапсырманы орындауға қатысты проблемалар көрсетіліп, сын-ескертпелер айтылды. Осы тұста комиссия нақты ұсыныстар әзірледі.