Франция Қазақстанға АЭС салу бойынша ұсыныс жасады

Франция Қазақстанға АЭС салу бойынша ұсыныс жасады

Француз мамандары қазақстандық сарапшыларға жоғары қуатты АЭС энергоблоктарын салу жобаларын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық делегация Париждегі жұмысын аяқтап, онда мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Және ең ірі ядролық реактордың  құрылыс алаңында болды. Жергілікті мамандар Қазақстанда дамыған атом өндірісі мен тиісті сараптаманың болуын еліміздің бір артықшылығы деп санайды.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Жалпы осы жұмыс тобының мүшелері бүкіл технологияларды аралап жүр ғой.  Келесіде Түркияға барып, Аккуядағы станцияның жұмысымен танысады, қалай оның құрылысы өтіп жатыр, қашан іске қосайын деп жатыр. Мына Фламанвильді айтып кеттік,  ол 23 жылдың жазында қосылады. Сондықтан жалпы жылдың екінші жартысында үкіметке тиісті  ақпарат енгізіледі, қай технологияда тоқтадық, қайсысы елімізге тиімділігі молырақ болады  және де сапасы мен бағасына байланысты шешімдерді қабылдау кезегі келіп жатыр.