Сенатор Күрішбаев Алматы облысына іссапармен барды

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Алматы облысына іссапармен барып, бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесті.

Депутат аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жаңа бағдарлама қолға алынатынын жеткізді. Себебі өңір табиғаты бақша өнімдерін өсіруге қолайлы. Алайда қолбайлау болып отырған мәселе көп. Атап айтқанда, тұқым жетіспейді, жері бар, суы бар шаруалар тұқым таппай шарасыз. Сондықтан ғалымдар тұқымның жаңа сұрыптарын ойлап табуға тиіс. Ол үшін арнайы қаражат бөлінеді, деді Ақылбек Күрішбаев. Сондай-ақ оңды-солды беріліп жатқан мемлекеттік субсидияны өзгерту керек, дейді депутат. Ауыл шаруашылығына арналған 35 түрлі субсидияның бәрі бірдей нәтижелі емес. Облыстағы Қапшағай су электр станциясын, жылыжай кешенін, балық өңдеу өндірісін көрген депутат тұрғындардың  сауалдарына жауап берді.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Суды үнемдеу технологиясына ауысыуымыз керек. Қазір Қапшағай су қоймасында тұрмыз. Жылдан жылға судың деңгейі судың деңгейі азайып бара жатыр. Қазақстан бойынша тамшылап суаратын алқаптың көлемі тек қана 62 мың гектар. 1,6 миллион гектар жеріміз бар, суармалы жеріміз ,1,6 миллион гектар. Тек қана 62 мың гектар тамшылатып суаратын жерлер. Бұл жоқтың қасы деген сөз ғой. Сондықтан осы мәселені қолға алуымыз керек.