Қазақстан Гонконг туристеріне тартымды жерге айналып барады

Гонконг туристері үшін Қазақстан кейінгі кездері тартымды аймаққа айналып барады.

Қытаймен арадағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме кезінде әділет министрі Пол Лэм осылай деді. Қазақ-қытай қатынасының дамуы бейнеленген көрменің салтанатты ашылуына дипломатиялық миссия мен әкімшілік ауданның өкілдері, іскерлер мен академиялық ортаның қызметкерлері қатысты. Бас консул Рашид Ерішев қос ел арасындағы ынтымақтастықтың тарихы мен бүгінгі әріптестік жайлы баяндады. Көрмеге келушілер еліміздің мәдениеті мен табиғатын тамашалап, ұлттық аспаптарымыздан төгілген әуендерді тыңдап қайтты.

Джон Лэм, Brilliant Bank төрағасы:

- Қазақстанға маусымның басында барғанмын. Алматы қаласында болдым, тамаша шаһар. Сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығында болдым. Біздің банк «Бір жол-бір белдеу» бастамасына сай сауда және қаржы саласында қызмет көрсетеді. Жыл аяғына дейін Қазақстан-Гонконг сауда-өндірістік палатасын құруды жоспарлап отырмыз. Осылайша екі тараптың өзара сауда қатынасымен инвестициясын ілгерілетсек дейміз.

Макс Зэ, Өндіріс және коммерция қауымдастығының вице-президенті:

- Қазақстан біз үшін өте маңызды мемлекет. Іскерлік тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да Қазақстанның Гонконгпен арадағы қатынасының әлеуеті зор. Гонгконг тұрғындары қазақ елімен жақынырақ таныстыру керек, сол сияқты Қазақстан жұрты да Гонконг туралы көбірек білгені жақсы.

Карсон Вэнь, халықаралық қаржы тобының төрағасы:

- Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас көпжылдық достыққа негізделген.  Мен 2016 жылы Қазақстанға алғаш рет барған едім.  Содан кейін елдеріңізде 7 рет болдым. Халқын, табиғатын жақсы көремін. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалған.