2 тамыз күні Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 2 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал;

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет отырысы онлайн режимде өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.