476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

  • 215
  • UPD: 12:30, 02.08.2022
Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздікті арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министр қазір шомылу маусымының қызған шағы екенін, бұл орайда судағы қауіпсіздік шараларын сақтамаудың көп жағдайда қайғылы оқиғаларға әкелетінін айтып өтті.

1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы – балалар. Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ға қысқарған. Премьер-Министрдің ойынша, сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары.

«Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.

Бұл орайда Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы