476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

М. Әбенов: Қазақстан геосаяси қақтығыстардың шешімін іздейтін алаң болады

  • 169
  • UPD: 22:51, 02.08.2022

Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Қарулы қақтығыстар жиілеп барады. Осы орайда, Қазақстан ортақ мәміле мен келісім алаңына айналуы мүмкін. Ал қыркүйекте өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі осы бастаманың алғышарты. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов осылай дейді. Айтуынша, түрлі дін өкілдері бас қосып, өзекті мәселелерді ортаға салатын жиын күллі әлемнің назарында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рим папасы секілді белгілі тұлғалардың келуі Қазақстанға деген сенімді күшейтіп, экономикалық тұрақтылыққа кепіл болуы мүмкін. Дін көшбасшыларының елге іс-сапары туризмді де дамытады.

Мұрат Әбенов, «Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы:

- Дүниежүзінде беделді мемлекет қалған жоқ, қай мемлекет болса да әрқайсысында бір-бірімен шиеленіске қатысып жүр. Дін арқылы, діни ірі беделді орталықтар арқылы Қазақстан қатысушы және қабылдайтын орта ретінде осы жерде келоісім шарттар жасалып, жаңа идеялар айтылып тұрса, ертең осы Қазақстанда осындай ой айтылды десе, елдерді татуласруға ықпал жасалды десе Қазақстанның тарихта қалатын орны ерекше.

Хабар 24 телеарнасы