476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

  • 182
  • UPD: 10:37, 03.08.2022
Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды Polisia.kz.

Бүгін ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгеріске байланысты Қызылорда облысының активі өтті. Жиынға арнайы келген ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Мұхтар Қожабаевты таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұхтар Қожабаев 1968 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарулы күштер қатарынан бастады.

1992-1993 жылдары ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметі жеке батальонының жол-патрульдік полициясының инспекторы болды. 2004-2006 жылдары ІІМ Жол полициясы департаменті мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысының бас маманы болды. 2007-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД басқарма бастығының орынбасары, патрульдік қызмет бөлімінің бастығы, Жол полициясы басқармасына басшылық етсе, 2009 жылғы наурыздан қарашаға дейін – Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылдың қараша айынан Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

Хабар 24 телеарнасы