476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ұлттық ұлан сарбаздары Қырғызстандағы «Кобальт-2022» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

  • 208
  • UPD: 22:41, 04.08.2022
Ұлттық ұлан сарбаздары Қырғызстандағы «Кобальт-2022» оқу-жаттығуына қатысып жатыр Ұлттық Ұлан

Қырғызстан Республикасының Балыкчы қаласындағы «Эдельвэйс» таулы оқу орталығында ҚР Ұлттық ұланының «Б» арнайы мақсаттағы күштерінің қатысуымен «Кобальт-2022» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтуде.

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды. Жаттығу ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оған сондай-ақ жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіретін арнайы мақсаттағы күштердің құралымдары қатысып жатыр. Оқу-жаттығу барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің арнайы мақсаттағы әскерлерінің жиынтық топтары бандалық құрылымдарды, террористік топтарды іздеу, бұғаттау және бейтараптандыру жөніндегі жаттығуларды және қолданбалы жедел-жауынгерлік міндеттерді орындайды. Сондай-ақ есірткі контрабандасының арналарын жабу және есірткі сақтау қоймаларын, өндіру зертханаларын табу мен жоюды жүзеге асырады. Оқу-жаттығу жоспары бойынша арнайы операцияны жоспарлау, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және әртекті күштер мен құралдарды басқару мәселелері бойынша жедел ден қою ұжымдық күштерінің жедел штабымен командалық-штабтық жаттығу көзделген. Сонымен қатар оқу-жаттығудың соңында түрлі қарудан ату бойынша жарыстар өтеді.

Хабар 24 телеарнасы