Араб мемлекеттері Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі Орталық Азия өңірімен әріптестіктің көпжақты форматын орнатып, тиісті диалог алаңының алғашқы министрлік кездесуін өткізуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізген ұйымның бас хатшысы мәлімдеді. Тараптар өңіраралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, арадағы достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға ниетті екендерін жеткізді. Айта кеткен жөн, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі 1981 жылы құрылған. Ұйымға 6 мемлекет кіреді. Бұл Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Оман, Катар және Кувейт. Кеңес экономикалық, әлеуметтік және мәдени сұрақтар бойынша ынтымақтастық орнатады.

Қазақстан оған мүше ел азаматтары үшін визасыз режим енгізген. Көбімен арада тікелей әуе қатынасы ашылған. Шығанақ мемлекеттері біздің экономиканың ірі инвесторлары саналады.