Экстремистердің шабуылына ұшыраған Әзербайжан елшілігіне Қазақстан қолдау көрсетуге дайын – СІМ

Лондондағы елшілікке экстремистердің шабуылынан кейін Қазақстан Әзірбайжанға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзу актілері жалпыға бірдей айыптауды және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді» делінген ресми мәлімдемеде. «Дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды», – деп атап өтті ведомство.

Еске салайық, 4 тамызда діни радикалдар Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасаған болатын. Дипломаттар зардап шеккен жоқ.