Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көпір салына бастады

Гарабогаз шығанағы арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі Түркменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы жолының бір бөлігі болады деп хабарлайды,- Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі. Ол елдер арасындағы тауар айналымын жақсартуға және Еуропаға жолды қысқартуға бағытталған, деп атап өтті құрылыстың басталуына қатысқан Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркменбашы–Гарабогаз–Қазақстан шекарасы автомобиль жолының бойында демалыс базалары, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталықтары, автобус аялдамалары салынатын болады. Құрылыс 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде.