Үкімет басшысы көпбейінді зауыт құрылысымен танысты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елордада салынып жатқан жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен арнайы экономикалық аймаққа барып көпбейінді зауыттың құрылысымен тансыты.  Ол іске қосылса бес бағыт бойынша өнім шығарады. Яғи  медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары, есік, терезе және тағы бірнеше құрылыс материалын шығарады. Жобаны шет елдік кәсіпкер қолға алған. Оның жалпы құны 46 миллион доллар.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Біз инвесторлардың келуін әрдайым қолдаймыз. Бұл жоба – Қазақстанда тиімді жұмыс істеп, көрші аймақтардың нарықтарына шығуға болатындығының дәлелі.