Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Одан бөлек Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.